Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Қостанай облысында жаяу жүргіншілер өткелінде екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Алау» порталына сілтеме жасап.
«Оқиға 21 шілде күні сағат 15.30-да Лисаков қаласында болды. Темірбаев-Верхнетобольская көшелерінің қиылысындағы реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 46 жастағы жүргізуші 9 және 7 жастағы екі баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан балалардың денесі көгеріп, бірқатар сызат алған. Оларға амбулаторлық ем тағайындалды. Жүргізуші мас болмаған», - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
«Әкімшілік іс материалдары сотқа жіберілді», - деді полицейлер.