$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2022, 10:03
Оқиғалар

Ақмола облысында суға кеткен журналист үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Бойжеткен 19 шілдеде Арнасай ауылындағы демалыс орны аумағында суға батып кеткен.

Ақмола облысында суға кеткен журналист үш күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Ruhy  тілшісі Atameken Business News сайтына сілтеме жасап.

Бойжеткен 19 шілдеде Астана су қоймасы маңындағы Арнасай ауылында орналасқан демалыс орны аумағында суға батып кеткен.

Полицейлер мәліметінше, сол күні сағат 21:00 шамасында қайғылы оқиға туралы хабарлама түскен.

Ақмола облысының полиция өкілдері демалушылардың су қоймасының бойымен гидроциклмен жүріп өткенін айтты.

«Жағалаудан 250 метрдей қашықта сырғанап бара жатқан бойжеткен гидроциклдан суға құлап кеткен. Демалыс аймағының нұсқаушысы оған көмекке ұмтылғанымен, құтқарып қала алмады», - дейді ПД өкілдері.

Бойжеткеннің денесі үш күннен бері іздестіріліп жатыр, оны іздеуге сүңгуірлер мен арнайы техника жұмылдырылған. Сондай-ақ Павлодар облысынан сүңгуірлер жете алмайтын қашықты сканерлеуге мүмкіндік беретін құрылғы әкелінді. Су қоймасының тереңдігі 20 метрден 30 метрге дейін жетеді.

ТЖД мәліметінше, он метрден төмен қарай көру мүмкіндігі нөлге тең, су түбін балдыр жауып қалған, мұның бәрі денені іздеу жұмыстарын қиындатып отыр. Құтқарушыларға жел мен толқын да кедергі келтіріп жатқанын айта кету керек.

Серіктес жаңалықтары