«Зарядкам өліп қалған»: Алматы облысының тұрғыны далада «мас күйде» жатқан ауыл әкімін тауып алды

Автор: Әйгерім Ердәулет

Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысы қызметтік тексерістің жүргізілетінін айтты

Коллаж: Azattyq Ruhy

Алматы облысында «мас күйінде» иен далада қалған ауыл әкімін тұрындар тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Тілі күрмеліп, әзер сөйлеп тұрған адам Райымбек ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі Роман Қойлыбаев болып шықты. Ол көлік жүргізуге шамасы келмей, далада қалып қойған сыңайлы.

Тас қараңғыда қалған адамды тауып алған тұрғындарға әкім «зарядкасының өліп қалғанын» айтып, көмек сұраған.

Облыс әкімдігі аталған жағдайға қатысы қызметтік тексерістің жүргізілетінін айтты.

Ал ауыл әкімі Қойлыбаевтың өзі келеңсіз қылығын түсіндіріп бере алмады.

Роман Бекзадаұлы Жамбыл ауылдық округін 2018 жылдан бері басқарып келеді.