Қарағандыда бұзақылар иесінің көзінше көлігін ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер ұрланған автокөлікті тауып, ондағы екі қаскөйді қолға түсірді

Қарағандыда бұзақылар көлік иесінің көзінше автокөлікті ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

17 шілде күні Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне Металлург көшесінде жеңіл автокөлікті ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына санаулы уақытта Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің жақын жасағы жетті.

«Белгілі болғандай, жәбірлануші 25 жастағы ер адам жұмыстан келген соң, өзі тұратын жеке үйінің жанына автокөлігін қояды. Өз ісімен айналысып жүріп, автокөлікке қызығушылық танытып жүрген екі бейтаныс адамды байқайды. Артынша олар иесінің көзінше көлікке отырып, оны оталдырып, қашып кеткен», - делінген хабарламада.

Полицейлер ұрланған автокөлікті, ондағы екі қаскөйді із суытпай тауып, 28 және 30 жастағы ер адамды ұстады. Олар өз кінәсін толық мойындады. Көлік жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР ҚК 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр

«Сондай-ақ 15 шілдеде Абай қаласында иесінің көзінше белгісіз біреу өзгенің мотоциклін айдап кеткен. 37 жастағы жәбірленуші екі доңғалақты көлік құралын сатуды жоспарлаған. Базарда сатып алу-сату процесі кезінде сатушыға белгісіз біреу келіп, мотоцикл сатып алғысы келетінін, бірақ алдымен оны жолда тексергісі келетінін айтты. Сатушының рұқсатын алған соң, бейтаныс мотоциклге отырып, оны оталдырып, жоғарғы жылдамдықпен қашып кеткен. Шығын сомасы 580 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

17 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай ауданының ПБ криминалды полиция қызметкерлерімен күдіктіні 52 жастағы аудан ауылдарының бірінің тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Мотоцикл алынды және иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған азаматтың жазасын өтеуден жалтарып жүрген мемлекетаралық іздестірілуде тұрғанын анықтады. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.