$ 497.26  525.21  4.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2022, 14:35
Оқиғалар

Көкшетауда мемлекеттік қызметкер баланы өлімнен арашалап қалды

Дәрігерлер баланың халін клиникалық өлімнен кейінгі жағдай деп тіркеген

Көкшетауда мемлекеттік қызметкер баланы өлімнен арашалап қалды

Зерендіде мемлекеттік қызметкер екі жасар баланы өлімнен құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Aqmola News-ке сілтеме жасап.

Сатыбек Жолдаспаев жұмыс бабымен Зерендіге барады. Оның айтуынша, күндізгі сағат 12.00 шамасында су жағасында бүлдіршіннің есінен танып жатқанын көрген. Сол сәтте баланың анасы да көмек сұрап, айқайлаған көрінеді.

«Алды-артыма қарамастан көмек көрсетуге жүгірдім. Бала есінен танып қалған екен. Бұған дейін, мамыр айында төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету жаттығуларын үйрететін курсқа қатысқанмын. Сол білгенім өмірде қажет болды. Баланы ояту үшін кеуде тұсын басқылап, жасанды тыныс алдыру әдістерін істедім. Қасымда баланың анасы мен өзімнің әріптес достарым болды. Менің орнымда басқа біреу болса да баланы аман алып қалуға барын салатын еді. Бұл — біздің адами борышымыз», - дейді бүгінгі күннің батыры Сатыбек Жолдаспаев.

Ажал аузынан аман қалған 2 жасар Жәңгір 2020 жылдың 7 қырқүйегінде дүниеге келген. Бала есін жиғаннан кейін жедел жәрдем қызметі келіп, бүлдіршіннің жағдайын тексерді. Дәрігерлер баланың халін клиникалық өлімнен кейінгі жағдай деп тіркеген. Дер кезінде көмек көрсетілмегенде жағдайы қиын болар еді. Қазір бала дәрігерлердің қарауында. Жағдай тұрақты.

Құтқарушы, Сатыбек Жолдаспаев Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында жаңа нысандардың кураторы болып жұмыс істейді. Бір қызығы, оның да ұлының аты Жәнгір екен.

«Өзім құтқарып жатқан бүлдіршіннің туған баламмен аттас екенің білгенде таңданысымды жасыра алмадым», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары