Ақтөбеде жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 18 шілдеде сағат 14.10 шамасында болған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 18 шілдеде сағат 14.10 шамасында Хромтаудан Ақтөбе бағытындағы Самара - Шымкент тасжолының 788 шақырымында болған.

«Toyota Alphard көлігінің 32 жастағы жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озбақ болғанда қарсы бағыттағы Mitsubishi Lancer көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Mitsubishi Lancer жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ПД өкілдері.

Сондай-ақ Toyota Alphard көлігінің екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.