Талғарда таныстар бірін-бірі атып тастады

Автор: Әйгерім Ердәулет

Оқиға салдарынан екі адам түрлі жарақат алып, біреуі қайтыс болды

Фото: Instagram/kris_p_talgar

Талғар ауданында өзара таныс 8 тұрғынның арасынан дау шығып, арты қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы облыстың Полиция департаменті жанжалдасқан азаматтардың суық қаруды пайдаланғанын растады. Оқиға салдарынан екі ер адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, олардың біреуі сол жерде қайтыс болған.

«Қазіргі таңда топтық қақтығыстың барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Негізгі айыпталушылар қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі (абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру іс-әрекеттері) және ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі (атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған бұзақылық іс-әрекеттер) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды»,-деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.