Бурабайдағы балалар лагерінде 11 жастағы бала зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Автор: Azattyq Rýhy

Оған 2011 және 2008 жылдары туған екі бала зорлық жасап, қысым көрсеткен

Foto: freepik

Бурабайдағы балалар лагерінде 11 жасар бала сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бұл туралы баланың ата-анасы «НеМолчи.kz» қоғамдық қорына шағымданған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қор президенті Дина Таңсәрінің айтуынша, қарағандылық 2011 және 2008 жылғы екі бала 11 жасар балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, оны бірнеше мәрте еркінен тыс «ойнауға» мәжбүрлеген.

«Онымен қоймай, киімін, шалбарын, іш киімін шешіп, мазақ еткен. Бұл жаға ұстатар сұмдық жағдай басшылығы балалардың қауіпсіздігіне кепілдік берген балалар лагерінде болған! Бұл жағдайды ести сала аға тәрбиеші зардап шеккен баланы зорлық көрсеткен балалармен татуластыруға, шу шығармауға көндіруге кіріскен. Дегенмен баланың ата-анасы кініләлерді заң бойынша жазалауды талап етіп отыр», - деп жазады Дина Смаилова.

Аталған дерек бойынша Щучинск полициясында ҚР Қылмыстық кодексінің 123 бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалғаны хабарланды.