Африканың батысында 7 бала жарылыстан қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Балалар мерекеден қайтып келе жатқан, тағы екеуі жарақат алған
 

Батыс Африкада орналасқан Того елінің солтүстігінде қолдан жасалған бомба жарылып, кемінде жеті бала қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ТАСС агенттігінің жазуынша, қайғылы оқиға жексенбі күні Саван облысында болған.

«Натигу қаласында бір топ бала 9 шілде күні кешке мерекелік шарадан үйге қайтып келе жатқанда жарылыс болып, жеті бала қаза тапты. Тағы екі бала жарақат алды», - деп хабарлайды Синьхуа агенттігі әкімшілік өкілінің сөзіне сілтеме жасап.

Билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.