Қызылорда облысында компания басшысы заңсыз әрекеті үшін сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпкер мемлекетке 100 млн теңгеден аса сомада залал келтірген

Қызылорда облысында бірнеше заңды тұлғалармен заңсыз мәмілелер жасап, нақты орындалмаған жұмыстар үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің әрекетін әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қаржы маниторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

«Бірнеше кәсіпкерлік нысандарының, салықтан жалтару мақсатында, әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны  жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактураларының айналым сомасы 370 млн. теңгеге жеткен. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілгенін көрсетті»,- делінген хабарламада.

Сот үкімімен, серіктестік  басшысы Избасар Айбек кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.