Алматыда бес бірдей алаяқтық оқиғасына қатысы бар әйел ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұсталған әйелдің бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталғаны анықталды

Фото: polisia.kz

Алматыда 5 алаяқтық жайтына қатысы бар әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Алматы қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты 5 алаяқтық дерегін дәлелдеді.

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен 29 жастағы А.есімді әйел ұсталды. Күдіктіге қатысты тергеу ауданаралық соты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Тергеу барысында бойжеткеннің өзін банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырып, адамдарға кепілсіз, төмен пайызбен несие алуға көмектесуге уәде бергені анықталды», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Айта кетерлігі, әйел қызметі үшін 120-дан 170 мың теңгеге дейін сұраған. Ұсталған әйелдің бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталғаны анықталды. 

Полицейлер аталған әйелдің әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8-707-447-07-50;  8-747-699-70-02.