Қостанай облысында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға Жітіқара қаласында болған

Фото: pixabay.com

Қостанай облысында жасөспірім суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 1 шілдеде Жітіқара қаласында болған.

«16 жастағы қала тұрғыны Шортанды өзеніне батып кетті. Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері оның денесін сағат 13:10-да шығарды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай, ол жабдықталмаған жерде суға түскен.