Иттің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Павлодарда үйіне бара жатқан әйелді ит қауып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Иттің иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, қала тұрғыны жеке секторда ит қауып алғаны туралы шағыммен жүгінген.
«Әйел үйге бара жатқанда ит оған қарай жүгіріп, қауып алған. Аталмыш факті бойынша сараптама тағайындалды», - деді баспасөз қызметінде.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері иттердің адамдарға шабуыл жасауының сегіз фактісі тіркелді. Оның басым бөлігі - өз ауласынан босап кеткен иттер. Барлық иттердің иелері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 407-2-бабы бойынша иттердің шабуыл жасауына жол бергені үшін жазаланған.
Жыл басынан бері 2000-нан астам адам иттер мен мысықтарды серуендету ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.