Қайғылы оқиға 4 шілдеде сағат 16:30 шамасында болған
Шымкентте бассейнде құтқару шеңберімен жүзіп жүрген 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 4 шілдеде сағат 16:37-де «112 құтқару» қызметіне Қайнарбұлақ ауылдық округінің Шанин көшесінде орналасқан жеке бассейнде баланың суға батқаны туралы хабар келіп түскен.
«Енді ғана ашылған демалыс орнының аумағына 2016 жылы туған бала ата-анасымен суға түсуге келген. Қайғылы оқиға көзді ашып-жұмғанша болған. Бір сәтке қараусыз қалған бала абайсызда суға құлап, батып кеткен. Бала құтқару шеңберімен жүзіп жүрген, алайда бұл оны құтқара алмады», - делінген ТЖД хабарламасында.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.