Ақтөбе облысында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір полицейлер жануардың иесінің кім екенін анықтап жатыр

Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысында жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 3 шілдеде таңғы сағат 2:10 шамасында Самара-Шымкент жолында болған.

«33 жастағы ер адам басқарған Toyota Camry көлігі Ақтөбедегі Қобда ауылы бағытынан келе жатып, жылқыға соғылған. Жануар сол жерде өлген. Оқиға салдарынан жарақат алған жүргізуші мен екі жолаушы Қобды ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда жүргізуші алған жарақатынан келесі күні қайтыс болды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазір полицейлер жануардың иесінің кім екенін анықтап жатыр, ол жауапқа тартылады.