Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты

Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр 

Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Ақсуда жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қайғылы оқиға Ақсу электр станциясы қазандық-турбиналық цехының қазандық бөлімшесінде болған. 

«ERG Service» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше,  30 маусымда сағат 22.03-те аталмыш серіктестіктің қызметкері көз жұмған. 

«Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды. «ERG Service»  ЖШС  ұжымы мен басшылығы  марқұмның туыстары мен жақындарына  көңіл айтады», - деп жазылған хабарламада. 

Компания марқұмның отбасына қажетті көмекті көрсетеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 30 маусымда 103 желісі бойынша Ақсу қаласы ЕЭК АҚ станциясы мекенжайы бойынша шақыру түскенін хабарлады. 

«Жедел жәрдем тоғыз минутта жетті.  Зардап шеккен ер адам - 1985 жылы туған машинист-қараушы көз жұмды», - дейді басқармада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.