Осы аралықта өрттен 7 адам қаза тапқан
Ақтөбе облысында жылыту маусымы басталғалы 196 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Aktobenews.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын алу жұмыстарының жүргізілгеніне қарамастан, өрт кезінде жеті адам қаза тапқан. Сонымен қатар өрттің шығуынсыз-ақ улы газбен улану фактілері де кездескен.
«Маусым басталғалы улы газбен уланып қалған үш жағдай тіркелді. Уланған жеті адамның екеуі балалар. Бұл жағдайлардың шығуына пештің бойында саңылаулар мен жарықтардың болуы, түтін шығатын металл құбырдың ұзындығының жеткіліксіз болуы әсер еткен», - дейді Ақтөбе қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Айбат Жаңабергенов.
Мамандар оқыс оқиғаның алдын алу үшін пештердің саңылауларын бекітіп, мұржаның шатырдан бір метр жоғары болуы керек екенін ескертеді.