Екібастұзда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол рұқсат етілмеген жерде шомылған

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда суға батып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  2022 жылғы 28 маусымда сағат 08.03-те Екібастұз қаласынан 15 км қашықтықта ГРЭС-1 гидротехникалық ғимаратының маңында 1990 жылы туған ер адамның мәйітін шығарып алды. 

«Ол 2022 жылғы 26 маусымда сағат 15.20-да рұқсат етілмеген жерде  шомылу кезінде батып кетті», - делінген хабарламада. 

Іздестіру жұмыстарына 6 құтқарушы, 1 бірлік техника және Павлодар облысы ТЖД 1 жүзу құралы жұмылдырылды.