Ақтауда екінші сынып оқушысы менингиттен көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Бала ауруханаға 28 қаңтар күні түскен

Фото: ашық дереккөзден

Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері облыстық балалар ауруханасына «менингококк инфекциясы» диагнозымен 8 жастағы баланы жеткізді. Дәрігерлер ұл баланы құтқарып қала алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Тумба» басылымына сілтеме жасап.

Бала ауруханаға 28 қаңтар күні ауыр халде түскен. Оның дене қызуы 38.6° болған, сонымен қатар оны жөтел, әлсіздік мазалаған. Баланың тәбеті болмай, іші өтіп, құса берген.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сенсек, облыстық балалар ауруханасы консилиум өткізіп, ем тағайындаған.

«Өкінішке қарай, келесі күні таңғы сағат 7-де бала менингококк инфекциясы мен менингококкцемиядан көз жұмды», - дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.