ШҚО-дағы Белуха тауында қар көшкіні жүріп, 2 альпинист қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Туристер тауға шығатын жерде нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде қар көшкіні жүрген

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында екі альпинист қар көшкінінің астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін Көккөл көлі ауданындағы Белуха тауында 4 альпинист тауға шығатын жолды нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде қар көшкінінің астында қалып қойған.

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған, екіншісі 1988 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматы.

Сондай-ақ 1990 жылы туған тағы бір азамат зардап шеккен, ал бір альпинист аман қалды.

«Құтқару жұмыстарына ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа көтерді. Ал жарақат алған ер адамға апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті»,- деп көрсетті ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәлімдеуінше тікұшақпен құтқару жұмысы 3000 метр биіктікте жүргізілген және әуе кемесі бірнеше рейс жасаған.

Тегтер: