Батыс Қазақстан облысында ер адам суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 22 маусымда Бөрлі ауданы Ақсай қаласында болған

pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында кеше түнде суға батып кеткен ер адамның денесі бүгін таңертең табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 маусымда Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында болған.

«22 маусымда 40 жастағы ер адамның суға батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Құтқарушылар іздеуді сағат 22:35-те бастады, бірақ 23:48-де іздеуді тоқтатуға тура келді», - делінген ТЖД хабарламасында.

23 маусым күні таңертең Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстарын қайта бастап, сағат 7:55-те ер адамның денесін тапқан.