Сондай-ақ 600-ден астам адам жарақат алды
Ауғанстанда жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 280 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті Bakhtar агенттігінің мәліметінше, эпицентр Хост қаласынан 44 шақырым жерде болған.
«Пактика және Хост провинцияларындағы жер сілкінісінен кейін кем дегенде 280 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жарақат алды», - деп хабарлады агенттік ресми тұлғалардың сөзіне сілтеме жасап.
Жойқын жер сілкінісінің дүмпуын Ауғанстанның өзге қалаларымен қатар, Пкәстан мен Иран халқы да сезінген.
Ал АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) Ауғанстанда 6,1 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады.
«Өкінішке қарай, кеше түнде Пактика провинциясының төрт ауданында күшті жер сілкінісі болды. Жүздеген тұрғынымыз қаза тапты және жараланды, ондаған үй қирады. Біз барлық мекемені дереу осы аймаққа көмек жіберуге шақырамыз», - деді Ауғанстанның ресми өкілі Билал Карими.