20 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ақтөбеде тұрғынға күш көрсетіп, онлайн несие рәсімдеткізіп алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамыр айының соңында көшеде жәбірленушіге белгісіз адамдар күш көрсетіп, оны телефонмен екі млн теңгеге жуық сомаға онлайн кредит рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 жастағы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.