Ұялы телефондардың бір бөлігі өз иелеріне қайтарылды
246 алматылықтың ұрланған ұялы телефоны Бішкектен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rúhy тілшісі.
" П.есімді азамат өзінің қырғызстандық «әріптесімен» өзара әрекеттесуді орнатқан: біздің отандасымыз оған Алматыда ұрланған ұялы телефондарды жіберген, ал, оның орнына ол, Бішкек тұрғындарынан ұрланған гаджеттерді алған. Қазір күдікті қамауға алынды. Ол өз іс-әрекетін мойындады. Қырғызстан Республикасының астанасына жөнелтілген жедел уәкілдер қаламызда ұрланған түрлі үлгідегі 246 мобильді құрылғыны қайтарып алып келді», - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Қайтарылған ұялы телефондарды анықтау Басқармасының қызметкерлері Алматыда тергеліп жатқан қылмыстық істерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Ұялы телефондардың бір бөлігі өз иелеріне қайтарылды.