Тексеріс жүргізіліп жатыр
Павлодарда бес жасар қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 маусым күні сағат 21:00-де Ломов көшесіндегі 156/2 үйдің ауласында болған.
«Лада Гранта» маркалы автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі жаяу жүрген 5 жасар қызды қағып кетті.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Көлік айып тұрағына қойылып, сараптама тағайындалды.