Марат Принбеков 18 сәуірде қамауға алынған болатын
Алматы қалалық соты «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбековты күзетте ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 14 маусымдағы қаулысымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау мерзімін 3 айға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылды», - делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 18 сәуірде «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков 15 маусымға дейін қамауға алынған болатын.