Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Алматыда Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында құрылысы әлі толық бітпеген ғимарат өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
21 маусымда күні сағат 09:46-да өрт сөндірушілер Әуезов ауданы, Астана 1/10 ш / а мекен-жайы бойынша жоғары дәрежедегі өртке шықты. Келгеннен соң, 4 минуттан соң жанып жатқан ғимараттың қаптамасының жанып жатқаны анықталды, жоғары тұрған қабаттарға таралу қаупі туындады.
"Қабылданған шаралармен 10 минуттан кейін оқшаулауға қол жеткізілді. Өрт 10:09-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.