Үндістанда су тасқыны салдарынан 18 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Елде жүздеген мың адам баспанасынан айырылды

Үндістанның солтүстік шығысындағы Ассам штаты мен Бангладеште толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан опат болғандар саны 8-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үндістанда 3 мыңнан аса ауылды су басып, жүздеген мың адам баспанасынан айырылды. Жолдар мен көпірді су шайып кеткен. Бангладеште те дәл осындай ахуал. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жауыннан 30-дан аса өзен тасып, миллиондаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшкен. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Синоптиктер жаңбыр тағы жауатынын ескертіп жатыр.