$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.06.2022, 08:54
Оқиғалар

Павлодарда жол-көлік апатынан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді

Сондай-ақ жол апатынан екі зейнеткер зардап шекті

Павлодарда жол-көлік апатынан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда болған жол-көлік апаты салдарынан кейін 10 жастағы бала зардап шегіп, ауруғана жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ жол апатынан 75 жастағы әйел мен 82 жастағы ер адам зардап шекті. Ал 1982 жылы туған ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Белгілі болғандай, Теплова мен Абай көшелерінің қиылысында болған жол-көлік апатынан төрт адамнан зардап шеккен. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды.

"75 жастағы әйел мен 82 жастағы ер адамның жағдайы орташа ауыр екені анықталды. 10 жасар бала да облыстық балалар ауруханасына орташа ауыр жағдайда жеткізілді", - делінген Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

1982 жылы туған тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатудан бас тартты.

Серіктес жаңалықтары