20.06.2022, 09:03
Оқиғалар
Үндістанда су тасқыны салдарынан 18 адам көз жұмды
Елде жүздеген мың адам баспанасынан айырылды
Үндістанның солтүстік шығысындағы Ассам штаты мен Бангладеште толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан опат болғандар саны 8-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Үндістанда 3 мыңнан аса ауылды су басып, жүздеген мың адам баспанасынан айырылды. Жолдар мен көпірді су шайып кеткен. Бангладеште те дәл осындай ахуал. Жергілікті биліктің хабарлауынша, жауыннан 30-дан аса өзен тасып, миллиондаған адам үйлерін тастап, қауіпсіз жерге көшкен. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Синоптиктер жаңбыр тағы жауатынын ескертіп жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды