Қайғылы жағдай туралы 8 жастағы үшінші бала хабарлаған
Ақмола облысында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
«15 маусымда Астрахан АПБ кезекші бөліміне сағат 18.23-те учаскелік полиция инспекторынан Первомайка ауылының маңында Есіл өзенінің жағасында 6 және 9 жастағы екі ұл бала суға батып кеткені туралы телефон хабарлама келіп түсті», - делінген полиция хабарламасында.
Анықталғандай, велосипед мінген үш бала ересектерсіз өзен жағасына жүзуге келген.
Қайғылы жағдай туралы үлкендерді көмекке шақырған 8 жастағы үшінші бала хабарлаған.
Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.