Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды
Түркістанның «Жеті Тандыр» дәмханасындағы өрт сөндірілді. Әкімдіктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен шығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«2022 жылғы 16 маусымда сағат 11.48-де Түркістан қаласында екі қабатты «Жеті Тандыр» дәмхананың екінші қабатында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен. Өрт сағат 12:50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр»,-деп мәлімдеді Түркістан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түспепті.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылған.