Петропавлда гаражында алкоголь өнімдерін шығарумен айналысқан тұрғын ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: inform.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті антисанитариялық жағдайда қолдан жасалған алкогольдік өнімдерді өндіретін жасырын цех қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Петропавл қаласының тұрғыны қала орталығындағы гараж кооперативтерінің бірінде суррогат өнімін жасап, халыққа өткізген.

«Тінту барысында күдіктіден жалған есепке алу-бақылау таңбалары бар 8 мыңнан астам алкоголь өнімі және құрамында спирті бар сұйықтық құйылған 600-ге жуық бес литрлік пластик ыдыстар, сондай-ақ бос ыдыстар, қақпақтар, хош иістендіргіш концентрат және суррогат толтыруға арналған арнайы құрылғы табылып, тәркіленді», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.