Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Павлодарда зейнеткер тізгіндеген жүк көлігі әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
14 маусымда сағат 09:00-де Благовещенск соборының тұрағында КамАЗ-5410 автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі артқа қозғалып келе жатып, 54 жастағы әйелді қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.