Құрылыс нысаны аумағынан 12 жастағы баланың сау-тамтығы қалмаған денесі табылды
Ақтөбеде құрылысы бітпеген нысандардың бірінің аумағында ит талап өлтірген 12 жастағы баланың өлімі туралы облыс әкімінің орынбасары пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бала қабаған иттердің талауынан болған ауыр жарақаттар салдарынан қайтыс болған. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Осы оқиғаға жайында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов пікір білдірді.
«2 наурызда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданды. Оның күшіне енуі үшін бізге ит пен мысықты күтіп-бағу туралы заңға тәуелді актілер қажет. Актілер тіркеуген өтті, бірақ олар 60 күннен кейін, яғни 18 шілдеден соң күшіне енеді. Содан соң қаражат бөлініп, ұсталған иттерді баққысы келетіндер арасында байқау өткізу керек», - деп түсіндірді Жақсығали Иманқұлов.
Тақырыпқа орай: Ақтөбеде бұралқы иттер талап өлтірген баланың денесі табылды
Журналистердің шенеунік болған оқиғаға жауапкершілікті сезіне ме деген сауалына Иманқұлов осы бағытта жұмыс істеп жүргендіктен, жауапкершілікті сезінетінін айтты. Ал егер оған жұмысты тиісті деңгейде атқару қолынан келмеді десе, жұмыстан кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Егер адамдардың өміріне қауіп төнсе, заң бойынша жануарларды өлтіруге болады. Бірақ ол үшін тұрғындардың арызы керек. Ақтөбеде 25 мамыр мен 10 маусым аралығында 274 ит жойылды