Оқиға 8 маусымда сағат 10.40 шамасында болған
Қызылорда облысында балық аулап отырған 80 жастағы әжей өзен суына құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 8 маусымда сағат 10.40 шамасында болған.
«Қала орталығындағы Сырдария өзенінің жағалауында балық аулап отырған 80 жастағы әжей абайсызда суға құлап кеткен. Абырой болғанда, сол маңда арнайы сүңгуірлік сабағын өткізіп жатқан құтқарушылар байқап, құтқарып қалды», - делінген Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің хабарламасында.
Әжей өзін құтқарған Сүңгуірлік-құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы Әлжанов Бағдат Ибрагимұлы мен Құтқарушы бөлімшенің құтқарушысы Оразбеков Еркебұлан Қайырбекұлына алғысын білдірді.