Қазір күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр
Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяққа алданып, бар жиған-тергенінен айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Белгілі болғандай, әйелдің ұялы телефонына хабарласқан бейтаныс адам өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, оның сеніміне кірген. Содан соң әйелден СМС хабарлама кодын алып, үш банктік шотындағы жалпы сомасы 10 млн-ға жуық жинағын шешіп алған.
«Ұялы телефонына келген СМС-кодын алған алаяқ әйелдің барлық жинағын үш банктік шоттан өз картасына аударған. Сөйтіп хромтаулық тұрғын 10 млн теңгеге жуық ақшасынан айырылды», - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.