Ақтауда жұмысшы құлаған қабырға астында қалып көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қайғылы оқиға 23-шағынауданда болған

Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

Ақтауда жылу желілерін жөндеу кезінде КЖСА мемлекеттік-коммуналдық мекемесі жөндеушісінің үстіне тас қабырға опырылып түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 8 маусым күні сағат 11:05-те 23-шағынауданда болған.

"Жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде тас қабырға опырылып түскен. Оқиға орнынан 1978 жылы туған жұмысшы табылды. Ол шұғыл жеткен жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Lada.kz порталының хабарлауынша, ер адам жансақтау бөлімінде есін жимастан көз жұмған.

Оқиға орнында 17 құтқарушы мен төрт техника жұмыс істеген.