Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр
Семей қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні полицияға хабарласқан әйел ағасының жоғалып кеткенін айтты. 55 жастағы ер адам қаладағы Жоламан көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.
«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, қала аумағынан жоғалған адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.
Бірқатар медициналық сараптама тағайындалған. Ер адамның өліміне не себеп болғаны соның нәтижесінен кейін анықталады.