Денсаулық сақтау министрі өңірдегі нәрестелер өлімінің басты себептерін атады
Биылғы жылдың төрт айында облыста 48 нәресте өлімі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың өңірге сапары барысындағы баяндамасынан белгілі болғандай, биылғы төрт айда облыста 48 нәресте қайтыс болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 16 бала өлімі аз тіркелген болатын.
Облыстағы нәрестелер өлімінің басты себептері:
- перинаталдық кезеңде болған жағдайлар екі есе өсті;
- туа біткен даму ақаулары 33%-ға өсті;
- жұқпалы және респираторлық аурулар 0,8%-ға өсті;
- жазатайым оқиғалар 2,5 есеге өсті.
2022 жылдың 1 қаңтарынан бері екі бала коронавирустан қайтыс болды