Жәбірленушіге келген шығынның жалпы көлемі 1,5 млн теңге
Өскеменнің екі тұрғыны жарты жыл бойы 19 жастағы азаматтың қаржысын тартып алып, қалтаға басып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеріс барысында аталған ақпарат расталды. Күдіктілер 19 және 22 жастағы жігіттер. Осы жағдайдан кейін жәбірленуші қорқып, жасырынуға мәжбүр болған. Оқуға және жұмысқа баруды доғарған. Тіпті тұрғылықты мекенжайын да ауыстырады. Қылмыстық әрекеттерден келген шығынның жалпы көлемі 1,5 млн теңге.