$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2022, 15:58
Оқиғалар

ШҚО-да жоғалып кеткен бала бір күннен соң қараусыз қалған үйден табылды

Баласы табылған ата-ана полицейлерге алғыс білдірді

ШҚО-да жоғалып кеткен бала бір күннен соң қараусыз қалған үйден табылды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді еріктілер мен полицейлер түнімен іздеп, қараусыз үйден тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ШҚО полици департаменті мәлім еткендей, 26 мамыр күні сағат 23:08-де Жарма аудандық АПБ Шар қаласының полиция бөліміне таңғы сағат 09: 30 шамасында ер адамнан қоңырау келіп түскен. Ол кәмелетке толмаған баласының үйден шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтқан.

«Ата-ана бірнеше сағат бойы баласын өз бетінше табуға тырысқан, алайда іздеу нәтижесіз болғандықтан полиция көмегіне жүгінген», - делінген ПД хабарламасында.

Жарма аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы дереу дабыл бойынша көтеріліп, кәмелетке толмағанды іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Сондай-ақ ПД басшылығы дереу оқиға орнына жетіп, еріктілер мен жергілікті атқарушы органдар баланы іздеуге шыққан.

«Баланың баруы мүмкін деген орындарды анықтау үшін полицейлер жасөспірімнің араласатын таныстарымен жұмыс жүргізді. Барлық аула, үй шатырлары мен құдықтар тексерілді. Іздеу жұмысы түні бойы жалғасты. Полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде таңертең 7-сынып оқушысы қараусыз қалған үйден табылды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, таңертең бала жақындарымен жанжалдасып қалғандықтан үйден кетіп, қаланың шетіне қарай бет алған, сол жақта қараусыз қалған үйге барып түнеген.

Баласын бауырына құшқан ата-ана полицейлерге кәсіби шеберлігі мен ұйымдасқан нәтижелі жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Серіктес жаңалықтары