Алматыда көлік дәмхана алаңына кіріп кетті – бір адам зардап шекті

Azattyq Rýhy

Аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді

 

Алматыда көлік дәмхана алаңына кіріп кетті – бір адам зардап шекті
Видеодан кадр

Алматыда рөлге ие бола алмай қалған көлік жүргізушісі дәмхананың жазғы алаңына кіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, оқиға 24 мамыр күні сағат 19:47-де болған. «Тойота Камри» көлігін тізгіндеген   жүргізуші Төле би көшесімен келе жатып Әуезов көшесіне бұрылмақ болады. Сол сәтте Төле-би көшесімен шығысқа қарай келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. Ол көліктің жүргізушісі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен.

«Жол-көлік апаты салдарынан «Тойота» автокөлігі қатты екпінмен Төле би көшесімен шығыс бағытта жүрген қалпы рөлді басқара алмай, қоғамдық тамақтану орны орналасқан ғимараттың жазғы алаңына кіріп кеткен. Оқиға салдарынан зардап шегіп бір әйел Алматыдағы ауруханалардан біріне жеткізілді», - деп хабарлады қалалық ПД өкілдері.

Ведомства өкілдері, аталған дерек Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелгенін айтты. Оның нәтижиесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.