$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2022, 14:59
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда жасөспірім бірнеше млн теңге салынған сөмкені ұрлап кетті

12 жастағы бала ішінде 5 млн теңге ақша салынған сөмкені әкесіне әкеп берген

 

 

Нұр-Сұлтанда жасөспірім бірнеше млн теңге салынған сөмкені ұрлап кетті
Фото: tengrinews.kz

Нұр-Сұлтанда 12 жастағы бала Қостанай қаласынан келген азаматтың бірнеше млн теңге салынған сөмкесін қолды қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаменті хабарлағандай, 24 мамыр күні сағат 14:15-те Қостанай облысының тұрғыны полицияға аса ірі көлемдегі ақшасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған.

«Ер адам елордаға көлік алу үшін Қостанайдан арнайы келген. Түскі 14:00 шамасында Жеңіс даңғылы бойындағы үйге келген соң үй иесімен сөйлесіп тұрып, кедергі болмас үшін қара түсті сөмкесін ағаш бұтағына іліп қойған», - деп түсіндірді ПД өкілдері.

Сол уақытта жақын маңдағы қоқыс жәшігінің жанында металл жинаған өзбекстандық азаматтар жүрген.

«Олардың бірі, атап айтқанда, жасөспірім 5 млн 13 мың теңге салынған сөмкені іліп алып, жылдам кетіп қалған. Ұрлық жасалған сәт көше камерасына түсіп қалды», - деді елордалық ДП баспасөз қызметі.

Хабарлама түсе салысымен бір сағаттың ішінде ұрының кім екені анықталады. Артынша сөмкені ұрлап кеткен жасөспірім қолға түсті. Ол ішінде 5 млн теңге ақша салынған сөмкені әкесіне берген екен.

Қазіргі кезде ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сөмке иесіне қайтарылып, ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімді ерекше бақылауға алды.  

Серіктес жаңалықтары