27.05.2022, 13:57
Оқиғалар
Ертіс өзенінен әйел адамның денесі табылды
Өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды
Фото: tengrinews.kz
Өскеменде «Шығыс-3» бау-бақша серіктестігі аумағы маңынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 12 мамырда Өскемен қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» арнасына «Шығыс-3» бау-бақша серіктестігі маңында, Ертіс өзенінен адам денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ПД хабарламасында.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес, жария етуге жатпайды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Бүгін, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады