Ертіс өзенінен әйел адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото: tengrinews.kz

Өскеменде «Шығыс-3» бау-бақша серіктестігі аумағы маңынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 12 мамырда Өскемен қалалық ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» арнасына «Шығыс-3» бау-бақша серіктестігі маңында, Ертіс өзенінен адам денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген ПД хабарламасында.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес, жария етуге жатпайды.