Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыптұраққа қойылды
Павлодар көшелерінде қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін сақтау мониторингі кезінде ЖБО бейнебақылау инспекторы қала бойынша жалған нөмірмен жүрген, бірақ тіркеу есебінде жок «Инфинити» автокөлігін анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көлік туралы барлық ақпаратты инспектор дереу жақын маңдағы полиция патруліне хабарлаған. Осының негізінде тәртіп сақшылары жүргізушіні тоқтатты.
«Полицейлерден оның көлігінің тіркеу есебінен шығарылғанын, ал мемлекеттік нөмірдің жалған екенін білген 36 жастағы павлодарлық таң қалды. Кейін көліктің иесі оның әйелі екені белгілі болды, бірақ қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар ажырасу үстінде, ал күйеуіне ашуланған әйелі бұл туралы ештеңе айтпастан көлікті есептен шығарып тастаған.
Бірақ осыған қарамастан жүргізуші жауапкершіліктен босатылмайды, сондықтан ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.