$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2022, 15:30
Оқиғалар

Тойда шпагатқа отырған әжей желі қолданушыларын таңқалдырды

Атырауда өткен тойлардың бірінде «өнер көрсеткен» әжейдің жасы қаншада екені белгісіз

Тойда шпагатқа отырған әжей желі қолданушыларын таңқалдырды
Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде ақ жаулықты әжейдің тойда шпагатқа отырған видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бейнежазбадан ақ жаулық тағып, қазақы қамзол киген қарт кісінің билеп жүріп шпагатқа отырған сәті жұрттың таңданысын туғызды. Асаба да, той қонақтары да күтпеген көрініске қайран қалып, шапалақ ұрып жатыр.

Дегенмен, желі қолданушылары екі түрлі пікір білдіріп, бірі әжейдің тың қалпына таңдай қақса, енді бірі сынға алып, қарияның қымсынбағанына реніш білдірген.

«Қартайған шағында бір ойрандап қалайын деп ойлаған шығар. Онда тұрған не бар?» «Ұят-ай, масқара», «Үлгі алатын үлкенлеріміз осылай істесе, жетіскен екенбіз», «Көңілі жас екен, көрерміз өздерің қартайғанда қандай болар екенсіңдер, ішпей-жемей қуатын шығарсыңдар», «Өзгені сынағанша, өздерің осындай болып алыңдар», - деп желі қолданушылары деп пікір қалдырып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары