Шымкентте белгісіз біреулер аяусыз соққыға жыққан жігіт есін жимастан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Арысбек Дәулетбеков қатты соққы салдарынан комаға түскен болатын

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 16 мамыр күні белгісіз біреулер көшеде аясузы соққыға жыққан ер адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Отырар Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Арысбек Дәулетбеков қатты соққы салдарынан комаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр болған. Ауруханаға түскен кезде оған бас сүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, қан құйылу диагнозы қойылды.

Ер адамның туыстарының айтуынша, полицейлер күдіктілерді ұстағанымен, кейін белгісіз себептермен босатып жіберген. Марқұмның әйелі Әйгерім Дәуітбекова 38 жастағы күйеуін бейтаныс адамдар ұрып, ес-түссіз көшеде қалдырғанын айтады.

Оқи отырыңыз: Шымкентте белгісіз біреулер оңбай сабап кеткен ер адам комада жатыр

Бұған дейін журналистерге берген сұхбатында Әйгерім күйеуі екеуі үш бала тәрбиелеп отырғанын, оларға әкесінің ауруханада жатқанын әлі айтпағанын айтқан еді.