$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.05.2022, 10:21
Оқиғалар

Қызылордада жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

Қайғылы оқиға Арал ауданы Қамбаш елдімекенінің тұсында болған

Қызылордада жылқыға соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада жылқыға соғылған көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға Арал ауданы Қамбаш елдімекенінің тұсында болған.

«Audi» маркалы көлік иесі Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының бойында жылқыға соғылды. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көліктегі жолаушылар түрлі дене жарақатымен Арал аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері жылқының иесін анықтау мақсатында тиісті сала қызметкерлеріне тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары